Саха Республ-ң (Якутия) бірінші ледиі келді

Бүгін Саха Республикасының (Якутия) бірінші ледиі, Саха Республикасы гимнастика федерациясының президенті Николаева Людмила Валерьевна жұмыс барысымен Астанадағы гимнастика мектебіне барды.

Құрметті қонақты Қазақстандық гимнастика федерациясының президенті Әлия Мақсұтқызы Юсупова қарсы алды.Әлия Мақсұтқызы Қазақстандағы гимнастиканың және жалпы балалар спортының дамуы туралы айтып, алға қойылған жоспарлармен бөлісті.
Сондай-ақ тараптар екіжақты ынтымақтастық мәселесін де талқылады.