Парфилова Милана күміс жүлдеге иегері

Грекия астанасында көркем гимнастикадан “Aphrodite Cup” халықаралық турнирінде қазақстандық спортшыларымыз финалдық сайыста бақтарын сынап жатыр.

Алғашқы финалдық сайыстар аяқталып, үздіктер қатарынан гимнастшыларымыз көрінуде.

Парфилова Милана шығыршық финалында 31.950 ұпай жинап, күміс жүлдеге ие болды. Оған қоса, доп жаттығуының финалында жинаған 31.150 ұпайы Миланаға тағы бір күміс жүлде әкелді?????

Айта кетейік, финалдық жарыстар әлі де жалғасуда.