“Aphrodite Cup” өз мәресіне жетті

Афина қаласында көркем гимнастикадан халықаралық турнир “Aphrodite Cup” өз мәресіне жетті. Қазақстан құрамасы бұл сайыстан олжалы қайтты.

Жекелей сында ұршық жаттығуында Эрика Жайлауова қола жүлде еншіледі????

Ал шығыршық жаттығуын 7-ші орынмен, таспа жаттығуын 8-ші орында аяқтады.

Милана Парфилова финалдық жаттығуларында екі күміс жүлдеге ие болды??

Құрамында Айдана Шаяхметова, Аяулым Қадыр, Аружан Касенова, Аружан Қалсаева, Ақсұнқар Абдирахман, Асель Шүкірбай өнер көрсеткен топ финалдық 3 таспа мен 2 доп жаттығуында жалпы ұпайы 25.800 көрсеткішімен күміс жүлдегер атанды????

Сонымен қатар, 5 шығыршық финалын 4-ші нәтижемен қорытындылады.

Құрама команда мен бапкерлерді жеңісімен құттықтаймыз!??????