Катарда әлем кубогы басталды

1-4 наурыз аралығында Доха қаласында спорттық гимпастика Әлем кубогының кезеңі өтеді. Қазақстандық гимнастшылар Милад Карими, Азизов Ильяс, Нариман Құрбанов, Дмитрий Потанин іріктеу сынының бірінші күнінде өнер көрсетті.

Нәтижелер бойынша ат снарядында өнер көрсететін Нариман Құрбанов 8.566 ұпай нәтижесімен 1-ші орында. Ал Азизов Ильяс 8.266ұпаймен әзірге 8-ші нәтижені көрсетті.

Еркін жаттығу сынында Дмитрий Потанин 7.500 қорытынды ұпаймен 11-ші болса, Милад Карими 7.100 ұпаймен 14-ші орында.

Спортшыларымызға сәттілік тілейміз✊?