Алия Юсупова арнайы құттықтады

Қазақстан гимнастика федерациясының президенті Алия Юсупова Әлем кубогы кезеңінде алтын жүлдегер атанған Пирмаммад Алиевті жеңісімен арнайы құттықтады👏🏻👏🏻

Айта кетейік, гимнастшыларымыз Азербайжан астанасы Бакуде өткен Әлем кубогы кезеңінде ел тарихында алғаш рет топ жарған болатын. Спортшыларымыз батутта синхронды секіру сайысы мен жекелей батутта секіруде бірінші орынға ие болды🥇