Испанияның Марбелья қаласында көркем гимнастикадан Гран-при жарысының финалдық өнер көрсетулері аяқталды.
Жарыс қорытындысы бойынша Эльжана Таниева 32,900 ұпай жинап, доппен жаттығуда қола жүлдені жеңіп алып, үздік үштікке енді. Алтын мен күміс болгариялық спортшылар Стиляна Николова мен Ева Брезалиеваға бұйырды.
Сонымен қатар, Эльжана Таниева шығыршық және ұршық жаттығуында сәйкесінше 6-шы және 7-ші болып аяқтады.
Эльжананы және жаттықтырушыларды қола жүлдемен құттықтаймыз?????