Финалдық жаттығуын аяқтады

Әзірбайжан астанасы Бакуде Нариман Құрбанов ат снарядында финалдық жаттығуын аяқтады. Нәтижесінде 15.300 ұпай жинаған гимнастымыз Нариман Құрбанов жарыстың алтын медалінің иегері атанды.

Екінші орынды ирландық спортшы иеленсе, қоланы Албания спортшысы еншіледі.

Еске салайық, бұл әлем чемпионатындағы екінші алтын. Бұған дейін Милад Карими еркін жаттығуда үздік атанған болатын.

Спортшыларымыз бен жаттықтырушылар құрамын тағы бір алтын медальмен құттықтаймыз!?????