«Aphrodite Cup» халықаралық турнирі

Грекияның астанасы Афинада көркем гимнастикадан өткен «Aphrodite Cup» халықаралық турнирінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды.

2010 жылғы 35 гимнаст арасындағы көпсайыста Ақмарал Ерекешева үздік үштікке еніп, 2-орынға ие болды. Алтын медальді Натали Де Ла Роза (АҚШ), ал қоланы Лиза Мария Гарак (Румыния) жеңіп алды.

Сондай-ақ, Айым Мейіржанова 2008 жылғы спортшылар арасындағы жарыстың күміс жүлдегері атанды. 1-орын Лилиана Левинскаға (Польша), қола Эль Алони Голдблатқа (Израиль) бұйырды.

Айта кету керек, бұл жарыста бақ сынаған тағы бір қазақстандық спортшы Зере Бақытжанқызы 12-орынға ие болды.

Осылайша, гимнастшыларымыз Қазақстанға екі күміс медаль сыйлады????

Құттықтаймыз!????