Эльжанаға сәттілік тілейміз!

Грекия астанасы Афинада көркем гимнастикадан Әлем кубогының кезеңі басталды. Қазақстан атынан гимнастшыларымыз Эльжана Таниева мен Айбота Ертайқызы өнер көрсетуде.

2 күндік іріктеу кезеңі мен көпсайыс нәтижесінде Эльжана Таниева әзірге 11-ші көрсеткішпен, ұршықта (29.950) және таспа (30.550) жаттығуларының финалдарына жолдама алды.

Айбота Ертайқызы іріктеу бағдарламасынан кейін 14-ші орынға тұрақтап, финалға өте алмады.

Финалдық сайыстар ертең өтеді. Эльжанаға сәттілік тілейміз!