АҚШ-та өтіп жатқан Бүкіләлемдік ойындарда қазақстандық әйелдер жұбы финалда 4-орынға ие болды.
Еліміздің атынан Александра Рудакова мен Дамира Талғат бақ сынаған болатын. Қыздар отандасымыз Димаш Құдайбергеновтың әнімен жасалған қойылым көрсетті.
Спортшыларымыздың жаттықтырушысы Ботагөз Байбакушева, хореографы Ирина Балагутина.
