By

Redaktor
04
Мам
2024

Эльжана Таниева ел қоржынына тағы бір алтын жүлде салды

Ұлттық құрама үздігі Эльжана Таниева қоржынын Азия біріншілігінің алтын және қола жүлделерімен толықтырды. Жерлесіміз шығыршықпен жаттығу финалында 33.90 ұпай олжалап, жеңімпаз атанды. Сондай-ақ, доппен жаттығу финалында Эльжана 32.60 ұпаймен үздік үштікті қорытындылады. Кеше Эльжана Таниева көпсайыста чемпион атанып
Читать далее
04
Мам
2024

Айбота Ертайқызы Азия чемпионатының медальдар жиынтығын жеңіп алды

Отандасымыз таспамен (32.90 ұпай) жаттығуда тұғыр биігінен көрінсе, доппен (32.65 ұпай) жаттығуда күміс, ал шығыршықпен (33.25 ұпай) жаттығуда үздік үштікті түйіндеді. Осылайша, ол құрлықтық доданың медальдар жиынтығын жеңіп алды.
Читать далее
03
Мам
2024

Ел қоржынына тағы +1 лицензия!

Көркем гимнастикадан Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында Эльжана Таниева Париж Олимпиадасы жолдамасының иегері атанды. Ұлттық құрама үздігі көпсайыс қорытындысында 133,40 ұпай олжалап, тұғыр биігінен көрінді. Азия чемпионы атанған аруымыз енді
Читать далее
02
Мам
2024

Көркем гимнастикадан Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы

Бүгін Ташкентте (Өзбекстан) көркем гимнастикадан Азия чемпионаты басталды Олимпиада ойындарының жолдамасы сарапқа салынатын құрлықтық бәсекеде ел намысын жекелей сында Эльжана Таниева мен Айбота Ертайқызы қорғайды. Сонымен қатар, Азия біріншілігінің топтық жаттығуында Қазақстан құрамасы (Аяулым Қадір, Аружан Қалсаева, Ақсұңқар Әбдірахман, Баян Қойбақар, Мария Корниенко, София Ан) да өнер көрсетеді. Азия чемпионатында жекелей сында бір, топтық жаттығуда...
Читать далее
02
Мам
2024

Азия чемпионатындағы алғашқы жүлде!

Топтық жаттығудан Қазақстан құрамасы Азия біріншілігінің алғашқы күнінде қола жүлде еншіледі. Көпсайыста қыздарымыз бес шығыршықпен өнер көрсетуде 32,05 ұпай жинаса, 3 таспа мен 2 доппен жаттығуда 29,25 ұпай олжалап, үздік үштікті түйіндеді. Ертең спортшыларымыз финалда бақ сынайды.
Читать далее
22
Сәу
2024

Нариман Құрбанов – Париж Олимпиадасы жолдамасының иегері

Спорттық гимнастикадан ұлттық құрама мүшесі әлем Кубогы кезеңдері қорытындысында төртжылдықтың басты додасына жолдама жеңіп алды.  Гимнастикалық ат снаряды жаттығуында өнер көрсететін спортшымыз Олимпиадаға іріктеу кезеңінде жалпы 70 ұпай олжалап, екінші орынға тұрақтады. «Бұл – бәріміз үшін көптен күткен Олимпиада жолдамасы. 2019 жылғы әлем чемпионатында Олимпиада ойындары лицензиясына бір қадам жетпей тоқтаған едім. Араға 4 жыл...
Читать далее
19
Сәу
2024

Аида Бауыржанова әлем Кубогы кезеңін 8-орынмен аяқтады

Спорттық гимнастикадан Дохадағы әлем Кубогы кезеңінде Қазақстан намысын қорғаған Аида Бауыржанова жарысты 8-орында аяқтады. Жерлесіміз қол тіреп секіру жаттығуы финалында бақ сынап, үздік сегіздік қатарына енді. Ертең Аида Бауыржанова еркін жаттығу финалында өнер көрсетеді.
Читать далее
19
Сәу
2024

Дмитрий Патанин әлем Кубогы кезеңінің қола жүлдегері атанды

Қазақстандық гимнасшы Дмитрий Патанин спорттық гимнастикадан Дохада өтіп жатқан әлем Кубогы кезеңінде қола жүлдеге қол жеткізді. Отандасымыз еркін жаттығу финалында 14.500 ұпай олжалап, үздік үштіктің қатарынан көрінді. Дмитрий мен ұлттық құрама бапкерлерін қола жүлдемен құттықтаймыз!
Читать далее
19
Сәу
2024

Милад Карими Дохадағы әлем Кубогы кезеңінің жеңімпазы атанды

Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Милад Карими Дохада өтіп жатқан әлем Кубогы кезеңінде алтын медаль иеленді. Отандасымыз еркін жаттығу финалында 14.766 ұпай еншілеп, тұғыр биігінен көрінді. Спортшымызды алда тағы екі финал күтіп тұр. Милад ертең гимнастикалық керме мен қоссырық жаттығулары финалында бақ сынайды. Гимнасшымыз бен бапкерлерді жеңіспен құттықтап, сәттілік тілейміз!
Читать далее
19
Сәу
2024

Doha World Cup: гимнасшыларымыз тағы үш финалда өнер көрсетеді

Спорттық гимнастикадан Дохадағы әлем Кубогы кезеңінің екінші жарыс күнінде спортшыларымыз үш финалда бақ сынауға мүмкіндік алды. Ұлттық құрама үздігі Милад Карими гимнастикалық керме (2-орын) мен қоссырық (4-орын) іріктеуінде үздіктер қатарынан көрініп, шешуші сынға жолдама алды. Осылайша, Милад әлем Кубогы кезеңінің үш жүлдесі үшін таласады. Жарыстың алғашқы күнінде ол еркін жаттығу бойынша финалға жолдама алған. Әйелдер...
Читать далее
1 2 3
Қыркүйек (2024)
Дс Сс Сә Бс Жм Сб Жс
    Там »
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30