Аккредиттелген базалар

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті еліміздің гимнастика федерациясының үш жаттығу базасын растады.

Елордадағы “Думан” кешенінде орналасқан алғашқы база – көркем гимнастикадан ұлттық құраманың топтық және жеке жаттығулар бойынша дайындалатын орны.

Екінші база Шымкент қаласында орналасқан, мұнда да көркем гимнастикадан командамыз жаттығады. Шымкент – спорттың осы түрінен республикалық және халықаралық турнирлер өтетін Қазақстанның басты қалаларының бірі.

Аккредитациядан өткен үшінші база – Алматы қаласындағы №9 ОРМБЖМ. Мұнда спорттық гимнастикадан ерлер командасы шыңдалады. Осы жылдың қаңтар айынан бастап мұнда спорттық акробатика, акробатикалық жолда секіру және батутта секіру бойынша ұлттық құрамалар да оқу-жаттығу жиындарын өткізе алады.

Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметінше, Қазақстанда 2022 жылға спорттың әртүрлі түрлері бойынша ұлттық құрамалардың 35 оқу-жаттығу базасы аккредитациядан өткен. Жыл сайын олардың саны артып келеді.