Оқу-жаттығу жиыны өтті

Қаңтар айында Шымкент қаласында көркем гимнастикадан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушылары Әлия Махсұтқызы Юсупова мен Лола Исламқұлқызы Әділбекованың қатысуымен оқу-жаттығу жиыны өтті.
Оқу-жаттығу жиынына республиканың барлық қалаларынан: Нұр-Сұлтан, Петропавл, Түркістан, Арал, Қапшағай, Алматы, Қызылорда, Қарағанды және Шымкенттен 70-тен астам гимнастшылар қатысты.
Қазақстан гимнастика федерациясы Samruk-Kazyna Trust әлеуметтік жобаларды дамыту қорына көрсеткен қолдауы үшін алғысын білдіреді.