Афинада көркем гимнастикадан..

Афинада көркем гимнастикадан халықаралық турнирде қазақстандық спортшылар жекелей және топтық сында бағын сынауда. Құрама мүшелері: Сабина Бакатова, Эрика Жайлауова, Милана Парфилова, Дильназ Байленова, Айдана Шаяхметова, Аяулым Қадыр, Аружан Калсаева, Ақсұңқар Абдирахман, Әсель Шүкірбай.

Іріктеу сынының қорытындысы бойынша Сабина Бакатова мен Дильназ Байленова сәйкесінше 14-ші және 25-ші нәтиже көрсетіп, финалдық кезеңге өте алмады.

Эрика Жайлауова әзірге 5-ші нәтижемен шығыршық, таспа және ұршық жаттығуының финалына жолдама алды.

Милана Парфилова іріктеуде 8-ші орын көрсетіп, шығыршық және доп жаттығуының финалында өнер көрсетпек.

Топтық жаттығуда өнер көрсеткен спортшылырамыз іріктеуді 3-ші орынмен аяқтап, финалда жүлделі орынға таласады.

Көркем гимнастшыларымызға финалдық сында сәттілік тілейміз!✊???