Спорттық акробатикадан Қазақстан құрамасы Бүкіләлемдік ойындарға қатысу үшін Бирмингемге (АҚШ) аттанды. Бұл жарыстарда Қазақстан атынан Александра Рудакова мен Дамира Талғат бақ сынайды (Қарағанды қаласы). Сондай-ақ ерлер арасындағы жарыстарда қарағандылық Даниель Диль мен Вадим Шуляр сынға түседі. Еске сала кетсек, Женева қаласында өткен әлем чемпионатында біздің спортшылар Бүкіләлемдік ойындарға лицензия ұтып алған болатын. Спортшыларымызға сәттілік тілейміз!Читать далее