kkruКазахстанская федерация гимнастики

Көркем гимнастика

Көркем гимнастика — музыка сүйемелдеуімен арнайы заттарды (таспа, доп, шығыршық, секіргіш, ұршықтар) немесе затсыз орындалатын гимнастикалық және би элементтерінен құралған әйелдер арасындағы жарыс түрі. Бұл спорт түрі бірнеше жыл бойы қалыптасып, 1961 жылдан бастап кеңінен танылды. Дәл осы жылы Германияның Штутгарт қаласында өткен Халықаралық гимнастика федерациясының (FIG) Конгресінде көркем гимнастикадан халықаралық жарыстар өткізу туралы шешім қабылданған болатын.

1963 жылы Халықаралық гимнастика федерациясының жанынан спорттық-ритмдік гимнастика жөніндегі комиссия құрылды. Ал 1998 жылдан бастап бұл комиссия көркем гимнастика жөніндегі техникалық комитет болып өзгертілді.

1984 жылдан бастап көркем гимнастика Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізілді.

Жарыс ережелері

Көркем гимнастикада жаттығулар затпен және затсыз орындалады. Әрбір затпен орындалған жаттығуға жеке баға қойылады. Баға үш негізгі көрсеткіш бойынша есептеледі: күрделілік, әртістік және орындау техникасы.

Жекелей сайыс бойынша спортшылар төрт түрлі затпен жаттығулар орындайды.

художественная гимнастика

Жаттығулар

Гимнаст жаттығу кезінде кілемнің бүкіл аумағын толық пайдаланып, қозғалыста болуы тиіс. Затпен орындалатын жаттығуларда екі қол да қозғалыста болуы қажет. Заттар үнемі қозғалыста болуы шарт. Егер қозғалыс тоқтаған жағдайда, айып ұпайлары қосылады.

Әр жаттығудың ұзақтығы 57 секундтан 90 секундқа дейін болуы керек. Көрсетілген уақыттан асқан әрбір секунд үшін 0,05 айып ұпайы есептеледі.

Әрбір гимнаст жаттығуды музыканың аяқталуымен бір мезгілде, снарядқа денесінің қандай да бір бөлігі тиіп тұратындай етіп аяқтауы міндетті.

Жаттығу барысында бапкерге спортшымен, төрешілермен немесе музыкантпен сөйлесуге қатаң тыйым салынады.

Төрешілік жүйесі

Көркем гимнастикада жаттығуларды үш түрлі төрешілер құрамы бағалайды.
Техникалық төреші – жаттығудың күрделілік деңгейін бағалайды.
Көркемдік төреші – композицияны тек көркемдік жағынан саралайды. Төрешілер орындаудың хореографиясына, затты таңдауына, дене қимылдарына, орындау шеберлігі мен ерекшелігіне назар аударады. Сонымен қатар музыкалық сүйемелдеудің сәйкестігі де бағаланады.
Орындаушылық төреші – спортшының затты меңгеру шеберлігіне, көркемдік әсерге, шеберлік деңгейіне және техникалық қателіктерге баға береді.

Ұпай есептеу тәртібі

Жекелей сайыстарда техникалық және көркемдік төрешілер жаттығуларды 10 ұпайлық жүйе бойынша бағалайды, орындаушылық төрешілер де 10 ұпайлық жүйені қолданады. Топтық жаттығуларда да барлық үш төрешілер тобы (техникалық, көркемдік және орындаушылық) 10 ұпайлық жүйемен бағалайды.

Орындау барысында кеткен қателіктерге байланысты ұпай шегеріледі: 0,1 ұпай – ұсақ кемшіліктерге, 0,3 ұпай – шағын және орташа қателіктерге, 0,5 ұпай – өрескел қателіктерге.

Сондай-ақ, кілем шегінен шығу, затты бақылаудан шығарып алу, эстетикаға сай келмейтін элементтер де бұзушылық болып есептеліп, ұпайдан шегеріледі.

Орындау бағасы төрешілер қойған төрт бағаның арасынан екі ортаңғы мән алынып, олардың орташа көрсеткіші ретінде есептеледі.

Көркемдік (А) және техникалық (D) бағалар да төрешілер қойған төрт бағаның ішінен екі ортаңғысы алынып, олардың орташа мәні екіге бөлінеді.

Жаттығуға қойылатын жалпы баға мына формула бойынша есептеледі:
(А + D) : 2,
мұнда А —  көркемдік баға, D — техникалық баға.