
ERG және Қазақстан гимнастика федерациясы ұйымдастырған GymFest отбасылық спорт фестивалі
20 шілдеде Павлодар қаласында Металлург күніне орай GymFest отбасылық спорт және ойын-сауық фестивалі өтті. Іс-шара ERG компаниясы мен Қазақстан гимнастика федерациясының қолдауымен ұйымдастырылды.
Бағдарламаға кәсіби спортшылар мен жас гимнастардың жарқын көрсетілімдері, шеберлік сабақтары және Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Курбановпен автограф-сессия кірді. Балалар үшін ептілік, икемділік пен тепе-теңдікке арналған қызықты жаттығу мен тәтті сыйлықтар ұйымдастырылды.
Фестиваль қонақтары Қазақстан гимнастика федерациясы дамытып отырған төрт бағытпен – көркем, спорттық, батуттағы және акробатикалық гимнастикамен жақын танысты. Сонымен қатар кез келген қатысушы Павлодар өңіріндегі гимнастика клубтары туралы кеңес алып, спорт үйірмелеріне жазыла алды.
“ERG елімізде спорттың дамуын әрдайым қолдайды. Бұл – Қазақстанның болашағына жасалып жатқан маңызды инвестиция. Біз үшін спорттың әр адамға қолжетімді болғаны маңызды. Осы мақсатта туған қалаларымызда спорт кешендері, аулалық және workout алаңдарын салып жатырмыз. Бүгін біз ERG-нің қаржылай қолдауымен бой көтерген «Баянтау» спорт кешеніне жиналдық. Гимнастика федерациясымен серіктес болу мүмкіндігі үшін алғыс айтамыз. Бұл – бірлесе отырып жағымды өзгерістерге жол ашып, жаңа чемпиондарды шабыттандыруға бағытталған қадам”, — деді ERG Komek корпоративтік қорының атқарушы директоры Мәди Исмаилов.

“Павлодар – еліміздегі ең мықты гимнастикалық орталықтардың бірі. Мұнда осындай іс-шараларды қуана өткіземіз. Жуырда өткен Азия чемпионатында павлодарлық гимнастар өздерінің жоғары дайындық деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеді. Бізге әрқашан қолдау көрсететін ERG компаниясына сенімді серіктестігі мен олимпиадалық спорт түрлерін дамытуға белсенді атсалысқаны үшін алғысымызды білдіреміз. Мұндай бастамалар гимнастиканы насихаттап қана қоймай, жаңа буын спортшыларына шабыт сыйлайды”, — деп атап өтті Қазақстан гимнастика федерациясының өкілдері.
Биыл компания қолдауымен еліміз бойынша гимнастиканы дамытуға бағытталған қайырымдылық көмек көрсетілді.
Еске сала кетейік, 2024 жылы Парижде өткен Олимпиада ойындарында Қазақстан тарихта алғаш рет спорттық гимнастикадан медаль жеңіп алды. Бұл жетістікке ат снарядындағы жаттығуда күміс медаль иеленген Нариман Курбанов қол жеткізді.
ERG компаниясы еліміздегі бұқаралық, балалар және кәсіби спортты қолдауға бағытталған жобаларды белсенді жүзеге асырып келеді.
Соңғы жылдары ERG футбол, баскетбол, жеңіл атлетика және олимпиадалық спорт түрлерінен түрлі турнирлерге серіктес әрі демеуші болды. Компания гимнастиканың дамуына ерекше мән береді. Бұл — Қазақстан гимнастика федерациясымен ынтымақтастық пен халықаралық жарыстарда танылған дарынды спортшыларды қолдау арқылы көрініс табуда.
Сондай-ақ ERG компаниясы спорттық инфрақұрылым құруға, шеберлік сабақтарын ұйымдастыруға, білім беру бағдарламаларын дамытуға және өзінің жұмыс істейтін аймақтарындағы спорт клубтарын қолдауға қаражат бөліп келеді.
Фестиваль аясында өткен лотереяның басты жүлдесі – қаладағы ірі дүкендерге арналған ақшалай сертификаттар болды.
