Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасының өкілі Ақмарал Ерекешева Францияның Тье қаласында өткен Гран-при кезеңінде төрт медаль жеңіп алды.
Спортшы жарысты екі күміс және екі қола жүлдемен аяқтады.
Ерекешева таспа және шығыршықпен орындалатын жаттығуларда екінші орын иеленді.
Сондай-ақ ол ұршықтармен орындалатын жаттығуда және жекелей көпсайыста үшінші орынға тұрақтады.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы топтық жаттығуларда (көпсайыс) үшінші нәтиже көрсетті.
