kkruНациональная федерация гимнастики Казахстана

Андрей Терман жасөспірімдер Олимпиадасында көпсайыста өнер көрсетті

Қазақстандық гимнаст Андрей Терман Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасында жекелей көпсайыстың іріктеу кезеңінде бақ сынады.

Отандасымыз алты снарядта өнер көрсетіп, 69,199 ұпай жинады. Дегенмен финалға шыға алмады.

Айта кетейік, спорттық гимнастикадан Қазақстан атынан екі спортшы өнер көрсетеді. Әйелдер арасындағы жекелей көпсайыста Ева Тациева сынға түседі.

Leave a Reply