Аэробика (ырғақты гимнастиканың бір түрі) — бұл негізінен гимнастикалық және би қимылдарынан тұратын, диско-музыка әуеніне, орташа ырғақта, үздіксіз (тоқтаусыз және демалыссыз) орындалатын жаттығулар жиынтығы. Аэробика ырғақты гимнастикадан қозғалыс техникасының қатаң реттелуі, денсаулыққа зиян «тыйым салынған» қимылдардың алып тасталуы, әрі болашақта орындалатын жаттығуларды күрделендіріп, оларды спорттық аэробика деңгейіне жеткізіп, жарыстарға қатысуға, спорттық разрядтарды орындауға мүмкіндік беретіндігімен ерекшеленеді.
XIX-XX ғасырлар тоғысында аэробиканың пайда болуына негіз болған алғышарттарды айқын байқауға болады. Француз педагогы Жорж Демени қимылдарды үздіксіз орындау қағидатын негізге ала отырып, оны еңбекке деген қабілеттілікті және төзімділікті арттырудың тиімді жолы деп көрсетті. Франсуа Дельсарт негізін қалаған қимылдардың әсерлілігінің (еркіндік, табиғилық) бастаулары ырғақты-пластикалық гимнастикада көрініс тауып, сұлулық пен үнемділік заңдылықтарын ашты. Қимылдар арқылы ырғақ сезімін дамыту физикалық жаттығуларды орындауда үлкен маңызға ие екенін австриялық Якоб Далькроз Германияда ритм институтын құрып, дәлелдеп берді. Қимыл арқылы ырғақ сезімін қалыптастыру оның дене тәрбиесі жүйесінің негізгі буынына айналып, Еуропада, Америкада көптеген жақтаушыны тапты.
Алайда аэробиканың әлем бойынша қарқынды дамып, жалпыға танылуы «аэробика» терминінің авторы Кеннет Купердің еңбегімен тығыз байланысты. Ол осы ұғымды «Аэробика», «Жаңа аэробика» және басқа да кітаптар сериясында жан-жақты зерттеп көрсетті.
Аэробиканы насихаттап, К.Купердің идеяларын жүзеге асыруда оның отандасы Джейн Фонда маңызды рөл атқарды. Тележүргізуші ретінде ол бүкіл әлем жұртшылығын баурап, ұзақ жылдар бойы үлгі тұтарлық тұлғаға айналды. Джейн Фонда аэробикасы ырғақты гимнастикаға тән жалпы дамыту жаттығуларынан құралғанымен, оларды ерекше әуезді, билік мәнерде, айқын ырғақпен және аэробикалық режимде орындау қатысушыларға күшін сынап, қалаған «бұлшықет қуанышын» сезінуге керемет мүмкіндік берді.
Аэробика — «фитнестің» құрамдас бөлігі, ал біздің елімізде «фитнес» ұғымы жиі «жалпы дене дайындығымен» ұштасады. «Фитнес» сөзі көптеген елде кең қолданысқа еніп, халықаралық сипатқа ие болған ағылшын текті сөз. Ағылшын тілінен тікелей аудармасы – «дайындық». Алайда мағыналық тұрғыдан кеңірек – «адамның физикалық еңбекке дайындығы арқылы физикалық және менталды саулығы».
Беларусь фитнес жүйесінде аэробтық бағдарламалардың кең қанат жаюына жоғары оқу орындарында, басқа да білім беру мекемелерінде, жалпы орта мектептерде әйелдерге арналған, яғни ырғақты гимнастиканың қарқынды дамуы зор мүмкіндік берді.
Аэробиканың түрлері: би аэробикасы (латино, хип-хоп, фанк, сити-джем және т.б.), степ-аэробика, слайд-аэробика, фитбол-аэробика, тераробика, сайкл, тоннинг, йога-аэробика және тағы басқа.
Аэробикада жоғары нәтижелерге жету және оларды бағалау мақсатында жаңа спорт түрі – спорттық аэробика пайда болып, сәтті дамып келеді. (2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап ол Халықаралық гимнастика федерациясы тарапынан «аэробикалық гимнастика» деп атала бастады). Спорттық аэробика – бұл музыка әуеніне сай, үздіксіз, жоғары қарқынды, аэробикалық сыныптарға тән (билік) қимылдар кешенін орындаумен сипатталатын спорт түрі. Бағдарламада үздіксіз қимылдар, икемділік, күш, жеті базалық қадамды пайдалану және сапалы орындалған қиын элементтер болуы тиіс.
Халықаралық гимнастика федерациясының (FIG) ережелеріне сәйкес, спорттық (аэробикалық) гимнастика бойынша жарыстар келесі жас санаттары бойынша өткізіледі:
Барлық жас санаттары бойынша өнер көрсету түрлері:
Төрешілер — судьи:
Спортшылардың өнерін 3 төрешілер тобы бағалайды:
Бағдарламаны орындауды бағалайтын топ негізгі қадамдар мен гимнастикалық элементтердің дұрыс орындалмауына байланысты жүйелі шегерімдер қолданып, 10 – шегерімдер формуласы арқылы қорытынды ұпай шығарады.
Әртістікті бағалайтын төрешілер тобы төмендегі критерийлер бойынша ұпай береді:
Әр критерий ең көп дегенде 2 ұпаймен бағаланады.
Күрделілікке берілетін баға бағдарламаға кіретін барлық элементтердің құнын қосып, кейін екіге бөлу арқылы есептеледі. Осылайша, бағдарламаның күрделілігіне берілетін ұпайдың рөлі төмендеп, спортшылардың басты көңілін дұрыс орындауға, көркемдікке және эмоциялық әсерге аударуға мүмкіндік береді.
Ережелерді тереңірек зерделеу үшін «Жарыс ережелерін» қараңыз.