Батуттағы гимнастикадан Қазақстан ұлттық құрамасы Әлем кубогының соңғы екі кезеңінде сәтті өнер көрсетіп, бір алтын және бір қола медаль жеңіп алды.
Елдегі осы спорт түрін жүйелі түрде дамыту жұмыстарының нәтижесінде осындай жетістік тіркеліп отыр. Қазірдің өзінде инфрақұрылымды нығайту мен материалдық-техникалық базаны жетілдіру жалғасып жатыр.
Биыл ұлттық құрамаға екі Eurotramp батут жиынтығы мен «Скакун» фирмасының бір акробатикалық жолағы сатып алынды. Жаңа құрал-жабдықтар дайындық сапасын арттырып, спортшылардың халықаралық жарыстарға жоғары деңгейде дайындалуына мүмкіндік береді.
Қазақстан гимнастика федерациясы өкілдері жаңа жабдықтың алынуы — материалдық-техникалық базаны жаңғыртудағы маңызды қадам екенін атап өтті.
«Батуттағы гимнастикаға арналған жабдықтарды сатып алуға қолдау көрсеткені үшін Sport Qory қорына алғысымызды білдіреміз. Бұл — спорттың дамуына қосылған үлкен үлес. Бұрынғы батуттар 2020–2021 жылдары алынған еді. Біраз жылдан кейін базаны жаңартып, кеңейттік. Енді бұл еңбектің жемісін халықаралық аренадағы жаңа медальдар мен жетістіктер арқылы көреміз деп сенеміз».
Жаңа құрал-жабдық қазірден бастап жаттығу процесінде қолданыста және қазақстандық гимнастардың халықаралық деңгейде бәсекеге қабілеттілігін арттыруға қосымша мүмкіндік береді.
Бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ
Серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры
