kkruКазахстанская федерация гимнастики

Ақмарал Ерекешева Франциядағы Гран-при кезеңін төрт медальмен аяқтады

Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасының өкілі Ақмарал Ерекешева Францияның Тье қаласында өткен Гран-при кезеңінде төрт медаль жеңіп алды.

Спортшы жарысты екі күміс және екі қола жүлдемен аяқтады.

Ерекешева таспа және шығыршықпен орындалатын жаттығуларда екінші орын иеленді.

Сондай-ақ ол ұршықтармен орындалатын жаттығуда және жекелей көпсайыста үшінші орынға тұрақтады.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы топтық жаттығуларда (көпсайыс) үшінші нәтиже көрсетті.

Leave a Reply