Топ күмісі

Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды!
Еліміздің намысын Елжана Тәниева, Айбота Ертайқызы, сондай-ақ топтық жаттығулардан құрама командасы қорғап жатыр.

Жалпы есепте Өзбекстан спортшылары бірінші, Жапония құрамасы үшінші орында.
Жаттықтырушылар құрамы мен спортшыларымызды құттықтаймыз! Сіздерге сәттілік пен көптеген жеңіс тілейміз!