Мәскеу Гран-при 2022 жарысында ұршықпен орындалатын жаттығулардан қазақстандық гимнастшымыз Елжана Таниева күміс медаль жеңіп алды. Құттықтаймыз!
Жаттығудың бұл түрінен Елжана 32,30 ұпай жинады. Бірінші орында ресейлік Лала Крамаренко (34,25), қола жүлде Дина Аверинаға (30,55) бұйырды.
Гимнаст және жаттықтырушы Аринцева Яна Виталиевнаны, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бас жаттықтырушысы – Юсупова Әлия Махсұтқызын бұл жүлдемен шын жүректен құттықтаймыз.
Елжана, жарайсың! Біз сені мақтан тұтамыз! Саған сәттілік пен жаңа жеңістер тілейміз!
20
Ақп
2022