Спорттық акробатикадан қоржынымыз күміс жүлдемен толықты

Польшаның Жешув қаласында спорттық акробатикадан әлем Кубогы өтіп, онда ел намысын екі спортшымыз қорғады.

Турнир қорытындысында Диль Даниель мен Вадим Шуляр спорттық жұбы үздіктер қатарынан көрініп, күміс жүлдеге қол жеткізді.