Құрметті Әлия Мақсұтқызы!

Құрметті Әлия Мақсұтқызы!
Бүгінгі туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймыз!

Сіз спортшы ретінде еліміздің намысын Олимпиада және Азия ойындары, Әлем және Азия чемпионаттары сияқты байрақты бәсекелерде абыроймен қорғап, бүгінде ұлттық құрама бапкері әрі федерация президенті қызметінде Қазақстан спортының дамуына елеулі үлес қосып келесіз.
Сіздің сарқылмас күш-қуатыңыздың арқасында гимнастика спорты жемісті даму үстінде. Өзіңіздің белсенді азаматтық ұстанымыңыз бен қоғамдық қызметіңіз құрметке лайық.

Кәсіби қызметіңіз өрлеп, еңбегіңіз жана берсін. Алға қойған
арман-мақсаттарыңыз орындалсын.
Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық және бақыт тілейміз!