Қазақстандық гимнастика федерациясы спорттық гимнастика төрешілері мен бапкерлеріне арнап курс өткізді

14-15 қазан күндері Қазақстандық гимнастика федерацисы ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитеті мен Халықаралық гимнастика федерациясының (FIG) қолдауымен Олимпиадалық ынтымақтастық желісі бойынша спорттық гимнастика төрешілері мен бапкерлеріне арналған техникалық курс өткізді.

Басты мақсат – жаңа олимпиадалық кезең алдында қазақстандық мамандарға білім беру. 2025 жылдың қаңтар айында гимнастика түрлері бойынша жаңа ережелер қолданысқа енеді.

Курсқа Шымкент, Алматы, Абай, Жетісу және Маңғыстау облысынан 40 маман қатысты.

Спорттық гимнастикадан Халықаралық гимнастика федерациясы (FIG) техникалық комитетінің президенті Артур Мицкевич курс спикері болды.

Leave a Reply