7-9 қазан күндері Қазақстандық гимнастика федерацисы ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитеті мен Халықаралық гимнастика федерациясының (FIG) қолдауымен Олимпиадалық ынтымақтастық желісі бойынша көркем гимнастика төрешілері мен бапкерлеріне арналған техникалық курс өткізді.
Басты мақсат – жаңа олимпиадалық кезең алдында қазақстандық мамандарды оқыту. 2025 жылдың қаңтар айында гимнастика түрлері бойынша жаңа ережелер қолданысқа енеді.
Курсқа еліміздің 16 аймағынан 105 төреші мен бапкер қатысты.
Көркем гимнастикадан Лондондағы жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері (2012), FIG техникалық комитетінің мүшесі Любовь Черкашина курс спикері болды.