Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасы 20 қаңтар мен 2 ақпан аралығында Әзербайжан астанасы Бакуде оқу-жаттығу жиынын өткізді.
Оқу-жаттығу жиынының басты міндеті – Париждегі жазғы Олимпиада ойындарының жолдамасы сарапқа салынатын әлем Кубогы кезеңдеріне, Азия чемпионатына дайындық жүргізу болды. Сонымен қатар, Милад Каримидің гимнастикалық кермедегі жаттығуын күрделендіру мен тұрақтылығын арттыуға жұмыс істелді. Әзербайжан құрамасымен бірге өткізілген жаттығу жиынына 6 спортшымыз қатысты: Милад Карими, Дмитрий Патанин, Ильяс Азизов, Дияс Тойшыбек, Әлішер Тойбазаров, Асан Сәлімов