Спорттық гимнастикадан ұлттық құрама мүшесі әлем Кубогы кезеңдері қорытындысында төртжылдықтың басты додасына жолдама жеңіп алды.
Гимнастикалық ат снаряды жаттығуында өнер көрсететін спортшымыз Олимпиадаға іріктеу кезеңінде жалпы 70 ұпай олжалап, екінші орынға тұрақтады.
«Бұл – бәріміз үшін көптен күткен Олимпиада жолдамасы. 2019 жылғы әлем чемпионатында Олимпиада ойындары лицензиясына бір қадам жетпей тоқтаған едім. Араға 4 жыл салып қателіктермен жұмыс істеп, мақсатымызға жеттік. Енді Олимпиадаға дайындаламыз», – деді Париж Олимпиадасы жолдамасының иегері.
Бұған дейін Милад Карими Париждегі Олимпиада ойындарына лицензия алған болатын.
Айта кетейік, спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасы 1996 жылдан бері алғаш рет Олимпиада ойындарына екі жолдама жеңіп алып отыр.