Милан қаласында әлем кубогы аяқталды

Италияның Милан қаласында көркем гимнастикадан әлем кубогы аяқталды. Бұл жарыстарда ел намысын Эльжана Тәниева мен Эрика Жайлауова қорғады.
Көпсайыста Эльжана Таниева 13-ші болып, доппен жаттығуда финалға өтті. Эрика Жайлауова кубокты 20-орынмен аяқтады. Доппен жаттығудың қорытындысы бойынша Эльжана 32.100 ұпаймен 4-орынға тұрақтады. Жарыстың алғашқы үштігіне Германия мен Болгария спортшылары кірді. Гимнастшыларымызға алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз