Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Милад Карими Дохада өтіп жатқан әлем Кубогы кезеңінде алтын медаль иеленді.
Отандасымыз еркін жаттығу финалында 14.766 ұпай еншілеп, тұғыр биігінен көрінді.
Спортшымызды алда тағы екі финал күтіп тұр. Милад ертең гимнастикалық керме мен қоссырық жаттығулары финалында бақ сынайды.
Гимнасшымыз бен бапкерлерді жеңіспен құттықтап, сәттілік тілейміз!