Моринари Ватанабе FIG президенті болып қайта сайланды

Жапондық Моринари Ватанабе екінші рет қатарынан Халықаралық гимнастика федерациясының (FIG) президенті болып сайланды. Сайлау осы күндері Түркияда өтіп жатқан FIG конгресінің отырысында өтті.

Ватанабе бірінші турда көпшілік дауыспен жеңді. Оған съезд делегаттарының 81-і жақтап, 47-сі қарсы дауыс берген болатын.

62 жастағы Моринари Ватанабе 2016 жылдан бері FIG президенті қызметін атқарып келеді.  Бұған дейін Бас хатшы қызметін атқарған, Жапонияның Ұлттық Олимпиадалық комитетінің мүшесі болған.  Ал 2018 жылы Ватанабе Халықаралық Олимпиада комитетінің мүшесі болып сайланды.