Маусымның басталуымен құттықтаймыз

Спорттық акробатикадан әлем кубоктарының маусымы басталды.

Португалияның Майя қаласында «XI ACRO World Cup» әлем кубогы өтті. Құрамында Анатолий Пахандрин мен Санжар Садуов бар қазақстандық ерлер жұбы 28,430 ұпай жинап, 3-орынға ие болды.

Айта кетейік, бұл жаттығуларда қазақстандық тағы бір жұп финалда өнер көрсетті. Назар Жантасов пен Айсұлтан Сағынбектің командасы 28,040 ұпай жинап, медальдан бір саты қалыс қалды.

Маусымның тамаша басталуымен құттықтаймыз????