Спорттық гимнастикадан Қазақстан әйелдер құрамасы Ливерпульде өтіп жатқан әлем чемпионатын аяқтады.
Көпсайыста қазақстандық Аида Бауыржанова 46,766 ұпаймен 77-орынға тұрақтады. Көркем Ербосынқызы 107-ші орын иеленді – 41,799.
Бұл санат бойынша 177 гимнастшы өнер көрсеткен болатын.
Әлем чемпионаты жалғасуда, бүгін Қазақстанның ерлер құрамасы жарыс жолына шығады.