Лола Әділбекова көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері болып тағайындалды

Көркем гимнастикадан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне Лола Әділбекова тағайындалды.

Лола Исламқұлқызы Әділбекова – халықаралық дәрежедегі спорт шебері, әлем чемпионаттарының қатысушысы және 2002 жылғы Азия ойындарының командалық есебінде күміс жүлдегері.

Әділбекова бапкерлік қызметін 2010 жылы Шымкент қаласында бастаған. Соңғы жылдары ол Шымкент қаласының аға жаттықтырушысы қызметін атқарды. 2018 жылы оған «Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы» атағы берілді.

Қызмет ету жолында Лола Әділбекова халықаралық аренада Қазақстан атынан өнер көрсеткен бірқатар талантты спортшыларды дайындады. Олардың қатарында: Азия чемпионы және Азия ойындарының командалық жарыстарының жеңімпазы Даяна Әбдірбекова, жасөспірімдер арасындағы Олимпиаданың қатысушысы Роза Әбитова, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының финалисі Эльжана Таниева, 2023 жылғы Азия ойындарының командалық жарысында күміс жүлдегер атанған және жекелей көпсайыста қола медаль иеленген Милана Парфилова бар.

Айта кетейік, Лола Әділбекова бұл қызметке гимнастика федерациясының президенті ретінде жұмысын жалғастыруды жөн көріп, бас бапкер лауазымынан кеткен Әлия Юсупованың орнына келді.

Leave a Reply