Көркем гимнастикадан Гран-при өтуде.

23-26 ақпан аралығында Тарту қаласында (Эстония) көркем гимнастикадан Гран-при өтуде.

Қазақстандық гимнастшы Таниева Эльжана көпсайыста бірінші кезеңді 9-шы көрсеткішпен аяқтап, финалға жолдама алды.

Айта кетейік, Эльжана шығыршықта 31,25, лентада 30,25 және ұршықта 29,95 ұпай нәтижесімен финалға шықты.

Гран-при финалдық сайыстары бүгін өтеді.

Эльжанаға сәттілік тілейміз!