Көркем гимнастикадан Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы

Бүгін Ташкентте (Өзбекстан) көркем гимнастикадан Азия чемпионаты басталды

Олимпиада ойындарының жолдамасы сарапқа салынатын құрлықтық бәсекеде ел намысын жекелей сында Эльжана Таниева мен Айбота Ертайқызы қорғайды.

Сонымен қатар, Азия біріншілігінің топтық жаттығуында Қазақстан құрамасы (Аяулым Қадір, Аружан Қалсаева, Ақсұңқар Әбдірахман, Баян Қойбақар, Мария Корниенко, София Ан) да өнер көрсетеді.

Азия чемпионатында жекелей сында бір, топтық жаттығуда бір лицензия сарапқа салынады.