Катарда өтіп жатқан Азия…

Алуа Бектұрова – AGU көркем гимнастика жөніндегі техникалық комитетінің мүшесі.

Катарда өтіп жатқан Азия гимнастикалық одағының Конгресінде Алуа Бектұрова
AGU көркем гимнастика жөніндегі техникалық комитетінің мүшесі болып сайланды.

Алуа Жандарқызы Бектұрова көркем гимнастикадан халықаралық дәрежедегі төреші, әлем және Азия чемпионаттарында, әлем кубогы және Гран-При кезеңдерінде, сондай-ақ 2018 жылы Буэнос-Айресте өткен жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарында жұмыс істеді.

Еңбегіңіз жемісті болсын!