Көркем гимнастикадан топтық жаттығулар бойынша ұлттық құрама командасын Грекияда өткен әлем кубогының финалында қола жүлдегері атануымен құттықтаймыз. Спортшыларымыз шығыршықпен орындалатын жаттығуларда үздік үштіктің қатарына енді.
Команда құрамы:
Мұратқызы Сагина
Мурзағалиева Айслу
Жолдинова Рената
Шаяхметова Айдана
Қасенова Аружан
Жаттықтырушылар құрамы: Быстрова Инна Валентиновна, Әділханова Алина Мұратқызы, бас жаттықтырушы Юсупова Әлия Махсұтқызы.
Қыздар, жарайсыңдар! Сендерге сәттілік тілейміз!
