Эльжана Таниева доп жаттығуының үздігі

Португалияның Портимао қаласында өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңі “World challenge Cup” жекелей жаттығулар финалдары аяқталды.

Нәтиже бойынша Эльжана Таниева доп жаттығуының үздігі атанды (32.500)

Дәл осы жаттығу финалдық сайысында үздік үштікте Айбота Ертайқызы да көрінді. Ол екінші орынға жайғасты (31.650). Ал 3-орын германиялық гимнастшыға бұйырды.

Сонымен қатар, гимнастшымыз таспа финалында қола жүлде иегері атанды

Эльжана шығыршық финалында 0,1 ұпай жетпей, 4-орынға табан тіреді.

Гимнастшымызды, бапкерлерімізді осы жетістікпен құттықтаймыз