Данил Мұсабаев 1-ші орынды иеленді

Қазан айында FIG әлемдік рейтингіне сәйкес біздің гимнастшымыз Данил Мұсабаев батут гимнастикасынан 2022 жылғы әлем кубогінің қорытындысы бойынша 1-ші орынды иеленді.
Болгарияда өткен соңғы әлем чемпионатында спортшымыз марапатқа ие болды.
Қазақстандық гимнастқа кубокты FIG бас хатшысы Николас Буомпане мен Техникалық комитеттің президенті Кристоф Ламберт табыс етті.
Еске сала кетсек, Данил 153 ұпай жинап, жеке батуттағы гимнасттардың әлемдік рейтингінде көш бастады. Екінші орында португалиялық Диого Абреу (144), үшінші орында жапониялық Рюсей Нишиока (120).
@mussabayev13, сонымен қатар оның жеке бапкері, Қазақстан құрамасының бас бапкері Вертянкин Сергей Владимировичті құттықтаймыз!