Category

Гимнастика
16
Қаз
2024

Қазақстандық гимнастика федерациясы спорттық гимнастика төрешілері мен бапкерлеріне арнап курс өткізді

14-15 қазан күндері Қазақстандық гимнастика федерацисы ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитеті мен Халықаралық гимнастика федерациясының (FIG) қолдауымен Олимпиадалық ынтымақтастық желісі бойынша спорттық гимнастика төрешілері мен бапкерлеріне арналған техникалық курс өткізді. Басты мақсат – жаңа олимпиадалық кезең алдында қазақстандық мамандарға білім беру. 2025 жылдың қаңтар айында гимнастика түрлері бойынша жаңа ережелер қолданысқа енеді. Курсқа Шымкент, Алматы, Абай,...
Читать далее
10
Қаз
2024

Көркем гимнастикадан қазақстандық бапкерлер мен төрешілер оқу курсынан өтті

Қазақстан гимнастика федерациясы Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті және Халықаралық гимнастика федерациясының (FIG)  қолдауымен көркем гимнастика бапкерлері мен төрешілеріне арнап үшкүндік техникалық семинар өткізді.  Бұл оқу курсы Алматыда Olympic Solidarity желісі бойынша өтті. Курстың мақсаты – жаңа олимпиадалық айналым қарсаңында қазақстандық мамандарды оқыту. 2025 жылғы қаңтар айында барлық пән бойынша жаңа ережелер күшіне енеді.  «Бүгін көркем...
Читать далее
09
Қаз
2024

Қазақстандық гимнастика федерациясы көркем гимнастика төрешілері мен бапкерлеріне арнап курс өткізді

7-9 қазан күндері Қазақстандық гимнастика федерацисы ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитеті мен Халықаралық гимнастика федерациясының (FIG) қолдауымен Олимпиадалық ынтымақтастық желісі бойынша көркем гимнастика төрешілері мен бапкерлеріне арналған техникалық курс өткізді. Басты мақсат – жаңа олимпиадалық кезең алдында қазақстандық мамандарды оқыту. 2025 жылдың қаңтар айында гимнастика түрлері бойынша жаңа ережелер қолданысқа енеді. Курсқа еліміздің 16 аймағынан 105...
Читать далее
08
Қаз
2024

Асан Сәлімов пен Дарья Ясинская – FIG World Challenge Cup 2024 жеңімпаздары

Спорттық гимнастикадан Венгрияның Сомбатхей қаласында өткен Challenge Cup жарысында Қазақстан құрамасы екі алтын медаль иеленді. Финалдың алғашқы күнінде Дарья Ясинская қол тіреп секіру жаттығуында жүлдеге таласып, 13.166 ұпаймен тұғыр биігіне көтерілді. Бұл – 20 жастағы Дарья үшін Challenge Cup жарысының алғашқы медалі. Артынша ерлер арасындағы қол тіреп секіру жаттығуында Асан Сәлімов ел намысын қорғап, 14.300...
Читать далее
08
Там
2024

Эльжана Таниева Париж Олимпиадасында өнер көрсетті

Париждегі жазғы Ойындарда көркем гимнастикадан жекелей сындағы көпсайыстың іріктеу кезеңі аяқталды. Қазақстан намысын қорғаған Эльжана Таниева көпсайыс қорытындысында 126.600 ұпай жинап, 13-орынға табан тіреді. Гимнасшымыздың әр жаттығуда жинаған ұпайы: Шығыршық – 30.850 ұпай Доп – 32.000 ұпай Ұршық – 32.300 ұпай Таспа – 31.450 ұпай Айта кетейік, Эльжана Таниева Олимпиада ойындарында алғаш рет бақ сынады.
Читать далее
05
Мау
2024

Спорттық акробатикадан қоржынымыз күміс жүлдемен толықты

Польшаның Жешув қаласында спорттық акробатикадан әлем Кубогы өтіп, онда ел намысын екі спортшымыз қорғады. Турнир қорытындысында Диль Даниель мен Вадим Шуляр спорттық жұбы үздіктер қатарынан көрініп, күміс жүлдеге қол жеткізді.
Читать далее
03
Мау
2024

Әлия Юсупова FIG Құрметті бапкері атанды

30-31 мамыр күндері Шанхайда (Қытай) Халықаралық гимнастика федерациясы Атқарушы комитетінің отырысы өтті. Отырыста Қазақстандық гимнастика федерациясының президенті және көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері Әлия Юсуповаға FIG Құрметті бапкері атағын беру туралы шешім қабылданды.
Читать далее
27
Мам
2024

Аида Бауыржанова – Қазақстаннан шыққан Азия чемпионатының тұңғыш жүлдегері!

Спорттық гимнастикадан Ташкентте өткен Азия чемпионатында ел қоржынына қола жүлде түсті. Әйелдер арасында еркін жаттығуда бақ сынаған Аида Бауыржанова 13.066 ұпаймен үшінші орынға табан тіреді. Бұл – Қазақстан тарихындағы Азия чемпионатының алғашқы жүлдесі! Сонымен қатар, гимнасшымыз осы жарыста биылғы жылғы ең көп ұпайын жинады. Айта кетейік, спорттық гимнастикадан Қазақстан әйелдер құрамасы 1996 жылдан бері Азия...
Читать далее
25
Мам
2024

Болгарияда өткен Challenge Cup әлем Кубогы кезеңінде ел қоржынына 3 медаль түсті

Варнада өтіп жатқан жарыста қоржынымыз 2 алтын және 1 қола жүлдемен толықты. Ұлттық құрама үздігі Нариман Құрбанов гимнастикалық ат снаряды жаттығуы финалында 15.433 ұпаймен қарсылас шақ келтірмей, алтын медаль иеленді. Ал еркін жаттығуы финалында Дмитрий Патанин 14.033 ұпаймен тұғыр биігінен көрінсе, тағы бір отандасымыз Асан Сәлімов 13.533 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді.
Читать далее
19
Мам
2024

Спорттық гимнастикадан Қазақстан жастар құрамасы Азия чемпионатында табысты өнер көрсетті

Отандастарымыз құрлықтық доданың еркін жаттығуында алтын және қола медальдар жеңіп алса, Темірбек Алтынхан қол тіреп жаттығуында екінші орынға тұрақтап, гимнастикалық сақина жаттығуы финалында Нұртан Идрисов күміс жүлде алды. Сонымен қатар, еркін жаттығуы финалында ел қоржыны екі медальмен толықты. Роман Хегай алтынға бір қадам жетпей тгқтаса, Нұртан Идрисов қола жүлдегер атанды.
Читать далее
1 2 3 19
Тамыз (2030)
Дс Сс Сә Бс Жм Сб Жс
    Қыр »
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031