Баку финалындағы қола

Көркем гимнастикадан топтық жаттығулар бойынша командамыз Бакуде өткен әлем кубогының финалында доп/таспа жаттығуын орындап, қола жүлде жеңіп алды. Спортшыларымыз бен жаттықтырушылар құрамын құттықтаймыз!

Алтын медаль Италия құрамасына, күміс жүлде Жапония құрамасына бұйырды.

Айта кетерлігі, көпсайысқа әлемнің түкпір-түкпірінен 14 команда қатысып, финалға 8 үздік команда шықты.