By

Redaktor
19
Май
2024

Милад Карими алғаш рет Азия чемпионы атанды

Ташкентте өткен спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында Милад Карими жеңімпаз атанды. Гимнастикалық керме жаттығуы финалында 15.033 ұпай жинаған спортшымыз қарсылас шақ келтірмей, тұғыр биігіне көтерілді. Бұл — оның ересектер арасындағы құрлықтық додада жеңіп алған алғашқы алтын жүлдесі. Бұған дейін Милад көпсайыста және еркін жаттығуда Азия чемпионатының күміс жүлдесін жеңіп алған еді.
Читать далее
18
Май
2024

Нариман Құрбанов екі дүркін Азия чемпионы атанды

Спорттық гимнастикадан Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында Нариман Құрбанов алтын медаль иеленді. Отандасымыз ат снаряды жаттығуы финалында 15.600 ұпай жинап, тұғыр биігіне көтерілді. Осылайша, ұлттық құрама мүшесі екі дүркін Азия чемпионы атанды. Нариман өткен жылы Сингапурда өткен құрлықтық додада да жеңіс тұғырынан көрінген еді.
Читать далее
16
Май
2024

Милад Карими Азия чемпионатында тарихи медаль жеңіп алды

Бұл күндері Ташкентте спорттық гимнастикадан Азия чемпионаты өтіп жатыр. Милад Карими көпсайыс қорытындысында күміс медаль жеңіп алып, ел қоржынына тарихи медаль салды. Ұлттық құрама көшбасшысы көпсайыста жалпы 84,632 ұпай жинап, жалпы есепте екінші орынға табан тіреді. Бұрын-соңды қазақстандық спортшылар Азия чемпионатының көпсайысында жүлде жеңіп көрмеген. Осылайша, Милад Карими тарихи нәтижені тіркеді.
Читать далее
12
Май
2024

Гонконгта батуттық гимнастикадан Азия елдері арасында жарыс өтті

Әртүрлі жас топтары арасында өткен жарыста Қазақстан құрамасы 3 алтын, 1 күміс пен 2 қола медаль жеңіп алды. Жасөспірім спортшыларымыз арасында Абдулазиз Абдуллаев, Софья Долгополова мен Екатерина Кожемякина тұғыр биігінен көрінді. Ал Адал Манат жарыста күміспен күптелсе, Әбілмансұр Жақсылық пен Руслан Измаилов қола жүлдеге қол жеткізді. Осылайша, турнирде 6 медаль олжалаған отандастарымыз жалпыкомандалық есепте 2-орынға...
Читать далее
04
Май
2024

Қазақстан құрамасы ел қоржынына қос қола жүлде салды

Топтық жаттығудан Қазақстан құрамасы Азия біріншілігінің финалында екі қола медаль жеңіп алды. Қыздарымыз кеше бес шығырышықпен өнер көрсетуде қола жүлдегер атанса, бүгін үш таспа және екі допппен жаттығу финалында үздік үштікті түйіндеді. Осыдан екі күн бұрын аруларымыз көпсайыста қола медаль иеленген болатын.
Читать далее
04
Май
2024

Эльжана Таниева ел қоржынына тағы бір алтын жүлде салды

Ұлттық құрама үздігі Эльжана Таниева қоржынын Азия біріншілігінің алтын және қола жүлделерімен толықтырды. Жерлесіміз шығыршықпен жаттығу финалында 33.90 ұпай олжалап, жеңімпаз атанды. Сондай-ақ, доппен жаттығу финалында Эльжана 32.60 ұпаймен үздік үштікті қорытындылады. Кеше Эльжана Таниева көпсайыста чемпион атанып
Читать далее
04
Май
2024

Айбота Ертайқызы Азия чемпионатының медальдар жиынтығын жеңіп алды

Отандасымыз таспамен (32.90 ұпай) жаттығуда тұғыр биігінен көрінсе, доппен (32.65 ұпай) жаттығуда күміс, ал шығыршықпен (33.25 ұпай) жаттығуда үздік үштікті түйіндеді. Осылайша, ол құрлықтық доданың медальдар жиынтығын жеңіп алды.
Читать далее
03
Май
2024

Ел қоржынына тағы +1 лицензия!

Көркем гимнастикадан Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында Эльжана Таниева Париж Олимпиадасы жолдамасының иегері атанды. Ұлттық құрама үздігі көпсайыс қорытындысында 133,40 ұпай олжалап, тұғыр биігінен көрінді. Азия чемпионы атанған аруымыз енді
Читать далее
02
Май
2024

Көркем гимнастикадан Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы

Бүгін Ташкентте (Өзбекстан) көркем гимнастикадан Азия чемпионаты басталды Олимпиада ойындарының жолдамасы сарапқа салынатын құрлықтық бәсекеде ел намысын жекелей сында Эльжана Таниева мен Айбота Ертайқызы қорғайды. Сонымен қатар, Азия біріншілігінің топтық жаттығуында Қазақстан құрамасы (Аяулым Қадір, Аружан Қалсаева, Ақсұңқар Әбдірахман, Баян Қойбақар, Мария Корниенко, София Ан) да өнер көрсетеді. Азия чемпионатында жекелей сында бір, топтық жаттығуда...
Читать далее
02
Май
2024

Азия чемпионатындағы алғашқы жүлде!

Топтық жаттығудан Қазақстан құрамасы Азия біріншілігінің алғашқы күнінде қола жүлде еншіледі. Көпсайыста қыздарымыз бес шығыршықпен өнер көрсетуде 32,05 ұпай жинаса, 3 таспа мен 2 доппен жаттығуда 29,25 ұпай олжалап, үздік үштікті түйіндеді. Ертең спортшыларымыз финалда бақ сынайды.
Читать далее
1 2 3 4 5 6
Май (2025)
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
    Авг »
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031