By

Redaktor
08
Там
2024

Эльжана Таниева Париж Олимпиадасында өнер көрсетті

Париждегі жазғы Ойындарда көркем гимнастикадан жекелей сындағы көпсайыстың іріктеу кезеңі аяқталды. Қазақстан намысын қорғаған Эльжана Таниева көпсайыс қорытындысында 126.600 ұпай жинап, 13-орынға табан тіреді. Гимнасшымыздың әр жаттығуда жинаған ұпайы: Шығыршық – 30.850 ұпай Доп – 32.000 ұпай Ұршық – 32.300 ұпай Таспа – 31.450 ұпай Айта кетейік, Эльжана Таниева Олимпиада ойындарында алғаш рет бақ сынады.
Читать далее
05
Мау
2024

Спорттық акробатикадан қоржынымыз күміс жүлдемен толықты

Польшаның Жешув қаласында спорттық акробатикадан әлем Кубогы өтіп, онда ел намысын екі спортшымыз қорғады. Турнир қорытындысында Диль Даниель мен Вадим Шуляр спорттық жұбы үздіктер қатарынан көрініп, күміс жүлдеге қол жеткізді.
Читать далее
03
Мау
2024

Әлия Юсупова FIG Құрметті бапкері атанды

30-31 мамыр күндері Шанхайда (Қытай) Халықаралық гимнастика федерациясы Атқарушы комитетінің отырысы өтті. Отырыста Қазақстандық гимнастика федерациясының президенті және көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері Әлия Юсуповаға FIG Құрметті бапкері атағын беру туралы шешім қабылданды.
Читать далее
27
Мам
2024

Аида Бауыржанова – Қазақстаннан шыққан Азия чемпионатының тұңғыш жүлдегері!

Спорттық гимнастикадан Ташкентте өткен Азия чемпионатында ел қоржынына қола жүлде түсті. Әйелдер арасында еркін жаттығуда бақ сынаған Аида Бауыржанова 13.066 ұпаймен үшінші орынға табан тіреді. Бұл – Қазақстан тарихындағы Азия чемпионатының алғашқы жүлдесі! Сонымен қатар, гимнасшымыз осы жарыста биылғы жылғы ең көп ұпайын жинады. Айта кетейік, спорттық гимнастикадан Қазақстан әйелдер құрамасы 1996 жылдан бері Азия...
Читать далее
25
Мам
2024

Болгарияда өткен Challenge Cup әлем Кубогы кезеңінде ел қоржынына 3 медаль түсті

Варнада өтіп жатқан жарыста қоржынымыз 2 алтын және 1 қола жүлдемен толықты. Ұлттық құрама үздігі Нариман Құрбанов гимнастикалық ат снаряды жаттығуы финалында 15.433 ұпаймен қарсылас шақ келтірмей, алтын медаль иеленді. Ал еркін жаттығуы финалында Дмитрий Патанин 14.033 ұпаймен тұғыр биігінен көрінсе, тағы бір отандасымыз Асан Сәлімов 13.533 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді.
Читать далее
19
Мам
2024

Спорттық гимнастикадан Қазақстан жастар құрамасы Азия чемпионатында табысты өнер көрсетті

Отандастарымыз құрлықтық доданың еркін жаттығуында алтын және қола медальдар жеңіп алса, Темірбек Алтынхан қол тіреп жаттығуында екінші орынға тұрақтап, гимнастикалық сақина жаттығуы финалында Нұртан Идрисов күміс жүлде алды. Сонымен қатар, еркін жаттығуы финалында ел қоржыны екі медальмен толықты. Роман Хегай алтынға бір қадам жетпей тгқтаса, Нұртан Идрисов қола жүлдегер атанды.
Читать далее
19
Мам
2024

Милад Карими алғаш рет Азия чемпионы атанды

Ташкентте өткен спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында Милад Карими жеңімпаз атанды. Гимнастикалық керме жаттығуы финалында 15.033 ұпай жинаған спортшымыз қарсылас шақ келтірмей, тұғыр биігіне көтерілді. Бұл – оның ересектер арасындағы құрлықтық додада жеңіп алған алғашқы алтын жүлдесі. Бұған дейін Милад көпсайыста және еркін жаттығуда Азия чемпионатының күміс жүлдесін жеңіп алған еді.
Читать далее
18
Мам
2024

Нариман Құрбанов екі дүркін Азия чемпионы атанды

Спорттық гимнастикадан Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында Нариман Құрбанов алтын медаль иеленді. Отандасымыз ат снаряды жаттығуы финалында 15.600 ұпай жинап, тұғыр биігіне көтерілді. Осылайша, ұлттық құрама мүшесі екі дүркін Азия чемпионы атанды. Нариман өткен жылы Сингапурда өткен құрлықтық додада да жеңіс тұғырынан көрінген еді.
Читать далее
16
Мам
2024

Милад Карими Азия чемпионатында тарихи медаль жеңіп алды

Бұл күндері Ташкентте спорттық гимнастикадан Азия чемпионаты өтіп жатыр. Милад Карими көпсайыс қорытындысында күміс медаль жеңіп алып, ел қоржынына тарихи медаль салды. Ұлттық құрама көшбасшысы көпсайыста жалпы 84,632 ұпай жинап, жалпы есепте екінші орынға табан тіреді. Бұрын-соңды қазақстандық спортшылар Азия чемпионатының көпсайысында жүлде жеңіп көрмеген. Осылайша, Милад Карими тарихи нәтижені тіркеді.
Читать далее
12
Мам
2024

Гонконгта батуттық гимнастикадан Азия елдері арасында жарыс өтті

Әртүрлі жас топтары арасында өткен жарыста Қазақстан құрамасы 3 алтын, 1 күміс пен 2 қола медаль жеңіп алды. Жасөспірім спортшыларымыз арасында Абдулазиз Абдуллаев, Софья Долгополова мен Екатерина Кожемякина тұғыр биігінен көрінді. Ал Адал Манат жарыста күміспен күптелсе, Әбілмансұр Жақсылық пен Руслан Измаилов қола жүлдеге қол жеткізді. Осылайша, турнирде 6 медаль олжалаған отандастарымыз жалпыкомандалық есепте 2-орынға...
Читать далее
1 2 3
Қыркүйек (2024)
Дс Сс Сә Бс Жм Сб Жс
    Там »
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30