By

Redaktor
28
Апр
2025

Милад Карими Каирдегі Әлем кубогының кезеңінде екінші алтын медалін жеңіп алды

Қазақстандық гимнаст Милад Карими Каирде (Мысыр) өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде екінші финалында да жеңіске жетті. Карими кермедегі жаттығуларда үздік нәтиже көрсетті. Ол бағдарламасын сәтті орындап, төрешілердің шешімімен 14,466 ұпай жинады. Екінші орынды Мариос Георгиу (Кипр) – 14,066 ұпаймен иеленсе, үшінші орын Ноэ Сейфертке (Швейцария) бұйырды – 13,866 ұпай. Айта кетейік, Карими бұған дейін еркін...
Читать далее
27
Мар
2025

Қазақстандық гимнастар Грециядағы турнирде тоғыз алтын медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Грецияда өткен Aphrodite Cup халықаралық турнирінде сәтті өнер көрсетті. Отандастарымыз 9 алтын, 5 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды. Ересектер арасындағы жарыста Эрика Жайлауова көпсайыста, таспамен жаттығуда бірінші орын алды. Ал доппен жаттығуда екінші нәтиже көрсетті. Милана Парфилова шығыршықпен жаттығуда теңдессіз өнер көрсетті. Айым Мейіржанова таспамен жаттығуда екінші, көпсайыста үшінші...
Читать далее
19
Мар
2025

ЖҰЛДЫЗДАРДЫҢ ҚАТАРЫНДА: НАРИМАН ҚҰРАБАНОВТЫҢ 2024 ЖЫЛҒЫ ОЛИМПИАДАДАҒЫ ЖЕТІСТІГІНЕН КЕЙІН ҚАЙТА ОРАЛУЫ

20 наурызда Түркияның Анталья қаласында спорттық гимнастикадан әлем кубогының кезекті кезеңі басталады. Бұл жарысқа қазақстандық Нариман Құрбанов та қатысады. Ол 2024 жылғы Олимпиада ойындарында күміс медаль жеңіп алғаннан кейін халықаралық жарыстарға қатыспаған еді. Толығырақ ақпарат Olympic.kz материалында. Германияның Котбус және Әзірбайжанның Баку қалаларында өткен алғашқы екі кезеңді атақты қазақстандық гимнаст жіберіп алды. Ол Чехияда жаттығып,...
Читать далее
07
Мар
2025

Милад Карими Әлем кубогының кезеңінде тағы да финалға бірінші орынмен шықты

Қазақстандық гимнаст Милад Карими Бакуде (Әзірбайжан) өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде екінші финалға жолдама алды. Спортшы кермедегі жаттығуда іріктеу кезеңінен сәтті өтті. Милад 14,166 ұпай жинап, бірінші орынмен финалға шықты. Дәл осы бағдарлама бойынша Ілияс Әзізов 12,100 ұпаймен тоғызыншы орын алды, бірақ финалға өте алмады. Айта кетейік, бұған дейін Карими еркін жаттығуда да бірінші орынмен...
Читать далее
07
Мар
2025

Бакуде өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде тағы бір қазақстандық гимнаст финалға жолдама алды

Әзірбайжанның Баку қаласында спорттық гимнастикадан Әлем кубогының кезеңі аясында ат снарядындағы жаттығулар бойынша іріктеу кезеңі өтті. Бұл кезеңге Қазақстан құрамасынан екі гимнаст қатысқан болатын. Нәтижесінде Зейнолла Ыдырысов финалға жолдама алды. Ол 14,133 ұпай жинап, төртінші орынмен келесі кезеңге өтті. Ал Ілияс Әзізов (13,133 ұпай) финалға бір қадам жетпей, тоғызыншы орын алды. Финалға сегіз гимнаст өткен...
Читать далее
06
Мар
2025

Гимнаст Милад Карими Бакуде өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінің финалына бірінші орынмен шықты

Бакуде (Әзірбайжан) Әлем кубогының кезеңі басталды. Финалға Қазақстан құрамасынан үш спортшы шықты. Қазіргі уақытқа дейін қоссырық пен еркін жаттығулар бойынша іріктеу кезеңі өтті. Еркін жаттығуда сәтті өнер көрсеткен Милад Карими финалға бірінші орынмен шықты. Ол 13.833 ұпай жинады. Қоссырықтағы медаль үшін Дмитрий Патанин мен Ілияс Әзізов сынға түседі. Әзізов іріктеуде үшінші орын (13.400 ұпай), ал...
Читать далее
26
Фев
2025

Сергей Вертянкин: Әлем кубогының кезеңінде бірінші орын үшін таласуға болар еді

Қазақстан құрамасы батуттық гимнастикадан Бакуде (Әзірбайжан) өтіп жатқан Әлем кубогының бірінші кезеңін бір медальмен аяқтады. Ерлер арасындағы синхронды секіруде Данил Мұсабаев пен Никита Тумаков күміс жүлдеге ие болды. Қазақстандық спортшылар Бакудегі жарыстың бағдарламасындағы барлық дерлік санатта сынға түсті. Батутшылар үш финалға жолдама алды. Ерлер арасындағы жеке секіруде Қазақстан намысын төрт спортшы қорғады. Олардың ішінде Роман...
Читать далее
24
Фев
2025

Милад Карими жаңа олимпиадалық маусымды жеңіспен бастады

Қазақстандық гимнаст Милад Карими жаңа жарыс маусымын алтын медальмен бастады. Ол Германияның Котбус қаласында өткен Әлем кубогының алғашқы кезеңінде жеңіске жетті. Еркін жаттығуда ол мықты қарсыластарын, соның ішінде әлемдік көшбасшылардың бірі саналатын жапондық Казуки Минамиді басып озды. Айта кетейік, соңғы әлем чемпионатында Карими дәл осы спортшыға жол берген болатын. Бұл кезеңге 27 елден 120 гимнаст...
Читать далее
23
Фев
2025

Қазақстан батуттағы гимнастикадан Әлем кубогының кезеңінде күміс медаль жеңіп алды

Батуттағы гимнастикадан Қазақстан құрамасы жаңа маусымдағы алғашқы халықаралық турнирде күміс медаль жеңіп алды. Біздің спортшылар Әзірбайжанның Баку қаласында өтіп жатқан әлем кубогы кезеңінде екінші орынға ие болды. Данил Мұсабаев пен Никита Тумаков синхронды секіруде күміс медаль еншіледі. Отандастарымыз бұл турнирде тек Жапонияға жол берді. Үздік үштікті Мексика құрамасы қорытындылады.
Читать далее
21
Фев
2025

МИЛАД КАРИМИ ӘЛЕМ КУБОГЫ КЕЗЕҢІНІҢ ФИНАЛЫНА ЕКІНШІ ОРЫНМЕН ӨТТІ

Котбус (Германия) қаласында спорттық гимнастикадан әлем кубогының кезеңі басталды. Қазақстандық Милад Карими халықаралық жарыстың финалына жолдама алды. Спортшы еркін жаттығулар бойынша іріктеу кезеңінде сәтті өнер көрсетіп, 13,700 ұпай жинады. Карими финалға екінші орынмен өтті. Іріктеу кезеңіндегі ең үздік нәтижені 13,833 ұпаймен италиялық Никколо Вануччи көрсетті. Айта кетейік, әлем кубогы кезеңінің іріктеу сындары жалғасуда.
Читать далее
1 2 3 6
Август (2030)
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
    Сен »
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031