Айбота Ертайқызы – әлем кубогының күміс және қола жүлдегері
Гимнастшымыз шығыршық және доппен жаттығудағы финалдық сайысын аяқтады. Қорытынды нәтиже бойынша 31.650 ұпай жинаған Айбота доппен жаттығуда күміс жүлдегер атанды
Сондай-ақ, ол шығыршықпен жаттығуда 30.000 ұпай жинап, үздік үштікке енді
1-орынды Германиядан келген гимнастшы иеленсе, екінші орынды АҚШ гимнастшысына бұйырды.
Әлем Кубогы кезеңіндегі осы жетістікпен құттықтаймыз