Болгарияның Варна қаласында жыл сайынғы спорттық гимнастикадан Әлем кубогының Challenge сериясы өтуде. Осы жарыста Қазақстан намысын Эмиль Ахмеджанов қорғап жатыр.
Ол көпсайыстың еркін жаттығу снарядында іріктеу кезеңінде 4-ші көрсеткішпен финалға жолдама алды.
Ал финалдық өнер көрсетуінде 13.800 қорытынды ұпаймен үздік үштікке еніп, қола жүлде иегері атанды
Алтын жүлде жарыс иесі болгар спортшысы Эдди Пеневке (14.366) тиесілі болса, күміс жүлдені венгриялық Ботон Молнар (13.833) иеленді.
Бапкерлерді, спортшымызды жеңіспен құттықтаймыз