Котбус (Германия) қаласында спорттық гимнастикадан әлем кубогының кезеңі басталды. Қазақстандық Милад Карими халықаралық жарыстың финалына жолдама алды. Спортшы еркін жаттығулар бойынша іріктеу кезеңінде сәтті өнер көрсетіп, 13,700 ұпай жинады. Карими финалға екінші орынмен өтті. Іріктеу кезеңіндегі ең үздік нәтижені 13,833 ұпаймен италиялық Никколо Вануччи көрсетті. Айта кетейік, әлем кубогы кезеңінің іріктеу сындары жалғасуда.Читать далее
Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин Қазақстан гимнастика федерациясының басшысы Әлия Юсуповамен кездесті. Кездесу барысында Геннадий Головкин Әлия Юсупованы федерация президенті болып қайта сайлануымен құттықтады. Тараптар елдегі гимнастиканы дамыту мәселелерін, оның ішінде жаңа олимпиадалық циклға дайындық пен 2024 жылдан бастап гимнастиканың барлық түрлерінде күшіне енген халықаралық ережелердегі өзгерістерді талқылады. Кездесуде әсіресе төрешілердің біліктілігін арттыруға...Читать далее